31
май
2019
Қызылордалық түлектер шығыны көп іс-шаралардан бас тартуда

Сырдариялық мектеп бітіруші түлектер игі бастамаға бірауыздан бірінші болып қолдау білдіруде. Олар әлеуметтік желілерге жүктелген видеоларда қымбат көлік жалдауға, киім тіктіруге және мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін атап өту орынсыз екенін айтқан.
– Біз түлектерімізбен мақтанамыз. Олар ата-аналары мен ұстаздарын ойлап, игі іске бастамашы болуда. Алдағы ҰБТ-да жақсы көрсеткішті бағындырамыз деп үміттеніп отырмыз,- дейді аудандық білім бөлімінің басшсы Баян Сүюбаева.