Сыр түлектері
ӨМІРБАЯН Беркінбаев Ердос Сәрсенбекұлы 1990 жылдың 5 қыркүйегінде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 1997 жылы Тереңөзек кентінде орналасқан №131 қазақ орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 2008 жылы орта білім алып шыққан. 11 жылдық мектепте жыл сайын үздік оқығаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталған. Сондай-ақ, мектепішілік, аудандық, облыстық пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық