Оқушыларға - №131 орта мектеп
профориентациялық көмек
Қызылорда облыстық оқу орталығы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 01-15 қазан аралығында
№ 131 Т. Қозыбаев атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында «Shadow Day – Дублер күні» жалпы республикалық жобасы ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын ұғындыру, және нақты еңбек нарығымен таныстыру.
Оқушылар жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерде бір жұмыс күнін өткізіп, түрлі сала мамандарының жұмысымен етене танысты:
Сұлулық салонында – шаштараз, косметолог, визажист мамандықтарының ерекшеліктерін көрді;
Тігін шеберханасында – тігінші мамандығының шеберлігіне қанықты.
Өрт сөндіру бөлімінде – төтенше жағдайлар мамандарының батыл еңбегіне куә болды. "Серікбол" сауда орталығында – сатушы, кассир және менеджер жұмыстары таныстырылды.
Сырдария аграрлы- техникалық колледжінің мамандарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшы кәсіптері мен тігін шеберханасы мамандарынан және аспаз мамандығы бойынша   мағлұмат алды.
«Қызылорда электр тарату тораптары  компаниясы» АҚ АЭТ жұмыстарымен танысты.
Бұл тәжірибелік іс-шара оқушыларға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға үлкен әсер етті. Олар шынайы еңбек процесін көріп, кәсіби дағдылар мен жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейтті.