08
сентябрь
2025
Іс-шаралар Жаңа басшы – жаңа серпін!

Жаңа басшы – жаңа серпін!
№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектепте жағымды жаңалық!
Бiлім ордамызға жаңа басшы келгелі бергі алғашқы жағымды жаңалық – 52 жаңа парта мектебімізге алынып, барлық қажетті сыныптарға таратылды.
Бұл — жай ғана парта емес, бұл — оқушыларға жасалған үлкен қамқорлық, жаңа басшылықтың білімге, болашақ ұрпаққа деген ерекше ықыласы мен жауапкершілігі.
Ыңғайлы, сапалы және заманауи бұл парталар балалардың денсаулығын сақтап, сабаққа ынта-ықыласпен қарауына ықпал ететіні сөзсіз.
Мектебіміздің жаңа басшысының бастамасы — өзгеше ойлау мен нақты іске көшудің айқын дәлелі. Осындай ілкімді істер жалғасын таба берсін деп тілейміз!
Алғысымыз шексіз!
Білімнің бастауы – жайлы ортадан басталады. Ал жайлы ортаны жасаған басшымызға тек сәттілік пен табыс тілейміз!