Іс-шаралар АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Іс-шаралар АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
23
сентябрь
2025

Іс-шаралар АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ


АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде  2025 жылдың 19 қыркүйек күні мектепішілік азаматтық қорғау саласы бойынша басшы құраммен, педагог қызметкерлермен және білім алушылармен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Жаттығу аясында сейсможаттығу, авариялық жағдайдағы іс-қимылдар және өрт кезіндегі эвакуациялық шаралар пысықталды.
Іс-шараға Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары арнайы қатысып, нұсқаулық жұмыстарын жүргізді. Мамандар оқушылар мен қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі, алғашқы қауіпсіздік шаралары, эвакуация тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – төтенше жағдай кезінде қауіпсіз және шұғыл әрекет етуді үйрету, оқушылар мен мектеп ұжымының қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.  
Дабыл берілген соң оқушылар мен мұғалімдер ғимараттан белгіленген тәртіп бойынша жылдам және қауіпсіз түрде эвакуацияланды. Жаттығу сәтті өтіп, қойылған мақсаттарға толық сай орындалды.
Іс-шара мектептің азаматтық қорғау бағытындағы жұмыстарының сапасын арттырып, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін нығайтты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив