Іс-шаралар "Мектептен үйге қауіпсіз жол" » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Іс-шаралар "Мектептен үйге қауіпсіз жол"
15
сентябрь
2025

Іс-шаралар "Мектептен үйге қауіпсіз жол"


"Мектептен үйге қауіпсіз жол" 🚸⛔️
 🔰2025 жылдың 12 қыркүйек күні  мектебімізде «Мектептен үйге қауіпсіз жол» тақырыбында Сырдария аудандық емханасының ЖДО маманы  психолог, отбасын жоспарлау кабинеті мейірбекелерінің ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушылары арасында спорттық жарыс өткізілді. 
🔰Мақсаты – оқушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушыларға жол жүру ережелері бойынша сұрақтар қойылып, эстафеталық ойындар мен түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Әрбір команда өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және жол белгілерін білу деңгейін көрсетті. 3-4 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар жолда жүру кезінде қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын түсініп, бір – біріне үлгі көрсете білді. Әр бөлім бойынша әділқазылар әділ бағасын беріп отырды. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар анықталып, арнайы мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив