іс -шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2025

іс -шара

«АЛТЫН КҮЗ-2025»  
14 қараша күні №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын күз-2025 » байқауы өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – күздің көркем келбетін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өнері мен талантын таныту, сондай-ақ эстетикалық талғамы мен сахна мәдениетін дамыту болды.
Байқау 5 кезеңнен тұрды.
1.Кел,танысайық!
2.Өнерлі өрендер
3.Күз сыйы
4.Театр көрмесі
5.Күзгі сән үлгісі
Байқау барысында қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, түрлі бағыттағы өнерлерін паш етті. Олар сәнді күзгі киім үлгілерін көрсетіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынды, ән мен би орындап, көңілді көріністер мен әсерлі қойылымдар арқылы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында қазылар алқасының шешімімен 10 сынып оқушылары Нұржанұлы Нұрбек пен Бақытқызы Инабат «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атанып, Бас жүлдемен марапатталды. 
9 а сыныбы I орын, 8 «б»,9 «б» сыныптары II орынды иеленсе, 8 «а» сыныбы III орынды қанжығалады.
 «Алтын күз-2025» байқауы оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, білім алушылардың бойында туған жер табиғатына, еңбек пен әсемдікке деген сүйіспеншілікті қалыптастырды.

Похожие публикации:

24 ноябрь 2025 іс -шара
25 ноябрь 2025 іс -шара
25 ноябрь 2025 іс -шара
03 октябрь 2025 іс -шара
11 ноябрь 2025 іс шара
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив