
«КҮЗГІ МОЛШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ»

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің 3-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі молшылық жәрмеңкесі» жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, табиғаттың берген ырыздығын қадірлеуге және кәсіпкерлікке баулу.

Шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Қожахметов Дархан Сейдалыұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды молшылық мерекесімен құттықтады.

Жәрмеңкеде әр сынып өз бұрыштарын безендіріп, күзгі көрініс жасап, табиғи өнімдерден композициялар дайындады.

Оқушылар өз қолдарымен пісірген тағамдар, түрлі тәттілер, жеміс – жидектер, көкіністер мен үй өнімдерін әкеліп, көрме – жәрмеңкеге қойды.

Жәрмеңке барысында әр сыныптың оқушылары өз өнімдерін сату арқылы ұйымшылдық пен іскерліктерін танытты. Оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көпшілікке ұсыну арқылы еңбекке баулудың, өзара сыйластық пен достықтың үлгісін көрсетті.

«Күзгі молшылық жәрмеңкесі» — оқушылардың белсенділігін арттырып, еңбектің қадірін ұғынуға, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.

Әр сынып өз өнімдерін ерекше шығармашылықпен ұсынғаны үшін алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.