04
июнь
2019
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Бүгін Сырдария ауданында Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Шарада аудан әкімі Ғ.Қазантаев құттықтау сөз сөйледі.
"Мемлекет мәртебесін айқындайтын негізгі құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақыт тезіне төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасатыны белгілі. Бұл ретте мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн бір сәтте ғайыптан пайда болмай, сан ғасырларды артта қалдырып, бекіді. Рәміздер – Қазақстан деген дербес мемлекеттің әлем картасында бар екенінің бірегей белгісі. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: "Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер", - деді аудан әкімі.
Дәстүр бойынша, бүгін ауданның және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан сырдариялықтар аудан әкімінің және облыс әкімінің орынбасарының "Алғыс хатымен" марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсімі өтті. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.