Іс шаралар » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2023

Іс шаралар

«Отбасы бірлігі-бар жақсылықтың бастауы» 

       Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы болып табылады. Отбасы адам үшін ең жақын ортасы, таным бесігі, үлгі өнеге бастауы. Отбасында адамның асыл және жағымды қасиеттерді дамиды. Отбасы қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамытатын ең жақын ортасы болып табылады. Отбасы – бұл бақыт пен берекенің, татулық пен бірліктің мекені. «Отан отбасынан басталады» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, отбасы бала тәрбиесін қалыптастыратын ең алғашқы бесігі және бала отбасының бақыты. 
    «Өзін тәрбиелей білмеген өзгеге өнеге көрсете алмайды» деген Абай Құнанбаев. 
Отбасы – өмірдің мағынасы, мәні мен сәні. Сондықтан да, қазағымыз қашан да отбасы беріктігі мен шаңырақтың шайқалмауын жоғары қойған.
 Осы орайда 2023 жылдың 08 қыркүйек күні №131 Т.Қозыбаев  атындағы орта мектебінде “Сырдария ауданының әйелдері” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Отбасы бірлігі-бар жақсылықтың бастауы» тақырыбында  қыздар арасында жиналыс өткізілді. 
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, оның жастар санасындағы беделін арттыру, сол арқылы «жаңа әлеуметтік жаңғыру кезеңіне» бірлесе аяқ басу, бала тағдырына асқан жауапкершілікпен қарау. Осы тұрғыда  ой - пікірлермен бөлісу.
Жиынға “Сырдария ауданының әйелдері” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мырзахметова Алимаш Залқызы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Оразымбетова Ажар, ардагер ұстаз Шадиева Фатима, аудандық емхананың психолог маманы Төлепова Айнұр және мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зкиряева Ақтолқын қатысты. Жиын барысында сала мамандары қатысушыларға көптеген мағлұматтар беріп, қыз баласының қоғамдағы орны жайлы, отбасы тәрбиесінде қыз балаға көп көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. 
Жиналыс соңында мектеп оқушылары арнайы мамандарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.  Рухани құндылыққа толы , тәрбиелік мәні зор шарадан қыз балалар өздеріне қажетті тың мағлұматтар алды.

Похожие публикации:

08 сентябрь 2023 Іс шара
08 сентябрь 2023 Іс -шаралар
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив