Іс шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2023

Іс шара

⚽️“СЕРГІТУ СӘТІ” ⚽️ЧЕЛЛЕНДЖІ 

    Бүгінгі таңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқутәрбие процесінің дене тәрбиесі жүйесі, білім алушылардың
денсаулығын сақтау мен нығайтудың моделін жетілдіруге бағытталған. Осы стратегияны іске асыру үшін білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын сақтауға бағытталған түрлі педагогикалық технологиялар, іс-әрекет түрлері ұсынылады.
Білім алушылардың оқу күні айтарлықтай психикалық және эмоционалдық жүктемелерге толы, ұзақ уақыт статикалық
(қозғалыссыз) күйде болу бұлшық еттердің шамадан тыс жұмыс істеуіне әкеледі. Педагогикалық тәжірибе өнімділікті тез қалпына келтіру үшін сергіту сәттерін қолдану тиімді екенін көрсетеді.
Жаттығуларын қолданудың тиімділігін көрсетуде. Бүгін 08 қыркүйек күні Т.Қозыбаев атындағы мектебінде “Тоғыз айға 9 іс-шара “жоспары бойынша  7-11 сынып оқушылары арасында қыркүйек айында “Сергіту” челенджі өткізілді. 
Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын
жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады.
Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер.
Олардың мақсаты – шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін
қалпына келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.
Ағымдағы жылы республиканың барлық білім беру
ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланды. 
Челлендждің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын
насихаттау.
Челлендждің міндеттері:
✓ физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
✓ оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық
белсенділікті арттыруға ықпал ету;
✓ балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс
қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.
Оқушылар  челенджге қатысуға белсенділік танытты. 
#физкультминутка
#зож
#менспорттытаңдаймын
#явыбираюспорт
#мектеппарламенті
#bilimkzo

Похожие публикации:

15 август 2023 Тоқта гепатит!
15 июнь 2022 Ақпарат
15 июнь 2022 Ақпарат
15 июнь 2022 Ақпарат
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив