Сыр түлектері » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2023

Сыр түлектері

ӨМІРБАЯН
Беркінбаев Ердос Сәрсенбекұлы 1990 жылдың 5 қыркүйегінде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
1997 жылы Тереңөзек кентінде орналасқан №131 қазақ орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 2008 жылы орта білім алып шыққан. 11 жылдық мектепте жыл сайын үздік оқығаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталған. Сондай-ақ, мектепішілік, аудандық, облыстық пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиадаларда 8 және 10 сыныптарда екінші орын алған. Ал 9 сыныпта бірінші орын иеленіп, облыстық олимпиадаға қатысқан.
2008-2012 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын игеріп, үздік дипломмен тәмамдаған. Университет қабырғасында жүргенде қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, облыстық, республикалық жарыстардан жүлдемен оралған. 
2008 жылы «Заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына белсене қатысқаны үшін грамотаға ие болған.
2009 жылы қазақ тілінде оқитын жастар арасында өткен орыс білгірлерінің жалпы университеттік байқауында «Үздік шығарма» номинациясы бойынша марапатталған.   
2009 жылы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен толеранттылықты тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында өткен «Тіл – барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауына қатысып, өзінің тіл шеберлігін көрсете алғаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталған. 
2011 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша өткен ІІІ республикалық студенттер олимпиадасына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған.
2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өткен республика жоғары оқу орындары студенттерінің «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты ғылыми-тәжірибелік жас зерттеушілер форумында белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталған.
2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өткен республика жоғары оқу орындары студенттерінің «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты ғылыми-тәжірибелік жас зерттеушілер форумының «Ақыл-ой алаңы» зияткерлік сайысында ІІ орын алғаны үшін мадақтамамен марапатталған. 
2014 жылы «Ізет» қоғамдық қорының «Әлеуметтік желілерде Сырдария ауданы туралы дұрыс қоғамдық-саяси пікірді блогерлер клубының көмегімен дамыту» жобасы аясында әлеуметтік желілерде Сырдария ауданы туралы үнемі жақсы ақпараттардың шығуына үлес қосқаны үшін «Үздік әлеуметтік желі қолданушысы» аталымымен марапатталған.
2012 жылдың күз айында Алматы облысындағы №38 Райымбек батыр атындағы десанттық-шабуылдаушы бригадасының арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдаушы батальонында әскери борышын өтеген. Отан алдындағы борышын адал өтеп, әскерден кіші сержант шенімен келген.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылға дейін «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі, 2018 жылдан бастап бас редактордың орынбасары қызметін атқаруда. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қызылорда облысы әкімінің, Сырдария ауданы әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Похожие публикации:

15 июнь 2022 Ақпарат
15 июнь 2022 Ақпарат
15 июнь 2022 Ақпарат
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив