26
ноябрь
2025
іс -шара

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
Қоғамның өзекті мәселесіне айналған зорлық-зомбылықтың алдын-алу – маңызды. Осы орайда №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебі білім алушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Зкиряева елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі екенін айтып, ешкімге, қандай жағдай болмасын жәбір көрсетуге болмайтынын атап өтті. Кездесудегі қыз балаларға салт-дәстүрді ұстанып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,кеңінен мәлімет берілді. Мектебіміздің педагог-псхологы Б.Махашева брошюралар таратты.
Зорлық-зомбылық — әлсіздіктің белгісі,
ал мейірім — күштің көрінісі.
Біз зорлыққа емес, сүйіспеншілік пен
сыйластыққа жол ашайық!