25
сентябрь
2025
Іс - шаралар

"Баланың басты ұстазы- ата - ана"
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің 4 "Б" сынып ата-аналарымен "Баланың басты ұстазы-ата-ана" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Мақсаты:Ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін түсіндіру;
Оқушылар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
Оқушыларды ата-анасын, мұғалімді сыйлауға, құрметтеуге, тыңдауға тәрбиелеу;
Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту арқылы тәрбиенің тиімділігін арттыру;
Бала тәрбиесіндегі ұлттық, адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Ұйымдастыру барысында жаңа оқу жылындағы өзгерістер, оқушының міндеттері, тамақтану, сабаққа қатысу жөнінде мәліметтер айтылды. Ата-аналарға қызықты, ойландыратын сұрақтар қойылып, түрлі жағдаяттардан қалай шығу керегі туралы ақпараттар берілді.
Сынып жетекшісі: Бекішова Ботакөз