ҰЛ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Зкиряеваның басшылығымен “Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі " такырыбында 7-11 сыныптың ұл балаларымен жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушы бойына ізгілік ұялату, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Жиналыста ұлдардың сабаққа қатысуы, мектеп формасы, сабаққа кешігуі, ұлдардың сабақ уақытындағы, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі, мектеп мүлкін ұстау тәртібі жайында және құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстауы керектігі жайлы айтылды.

Ер балалардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, өнерге, білімге деген құштарлық, өнеге мен намысты азамат болулары туралы сондай-ақ , мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуі және бала өмірінің қауіпсіздігі туралы түсінік берілді.