06
октябрь
2025
"Қарттарым асыл - қазынам"


"Қарттарым асыл - қазынам"
Оқушыларды үлкендерді құрметтеуге, қарттарға қамқор болуға, олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында 2025 жылдың 1 қазаны күні 2 "Б" сыныбында Қарттар күніне орай "Қарттарым асыл - қазынам! " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушыларға Қарттар күнінің тарихы мен маңызы түсіндірілді. Аталар мен әжелердің қоғамдағы орны, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің жастар үшін маңызы талқыланды.
Оқушылар өз әжелері мен аталары туралы естеліктерімен бөлісіп, оларға арнап жылы лебіздерін жеткізді. «Ата-әжеме сыйлық», «Дұрыс па, бұрыс па?» сияқты ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар «Қарты бар елдің – қазынасы бар» деген халық даналығын басты ой ретінде қорытындылап, үлкенге құрмет көрсету – ұлттық тәрбиенің негізгі қағидасы екенін атап өтті.