жетістік
"ҮЗДІК ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ-2025” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 2025 жылдың 20 қазаны күні №36 мектеп-лицейінің базасында "Үздік география пәнінің мұғалімі-2025" аудандық байқауы өткізілді. Мақсаты: география пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, олардың бойындағы шығармашылық әлеуеттін жан-жақты дамытуға, озық, тиімді педагогикалық тәжірибелерді таратуға және білім беру үдерісінде жаңашыл, заманауи әдістемелерді тиімді қолданатын, үздік мамандарды анықтауға бағытталды.