іс-шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2026

іс-шара

АУДАН ӘКІМІ ІРГЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНА БАРДЫ
Бүгін оқу жылының үшінші тоқсанының басталуына орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан орталығындағы №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепке барды. Аталған білім ошағын аралап, білім беру ұйымындағы кабинеттердің жабдықталуы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базасының жағдайымен танысты. Одан бөлек, жылу қазандығының жай-күйін көрді.
Білім беру ұйымында 332 оқушы білім алса, оларға 54 мұғалім сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.
Аудан әкімі елдің ертеңгі тізгіні білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, білімді ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелген абыройлы міндет екенін атап өтті. Жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, мектеп ұстаздарының кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдаудалуын, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларда шығармашылық ізденіс, жаңа серпін болу керектігін жеткізді. 
Биыл мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, қалаған мамандық иесі болуға, ҰБТ-дан жоғары бал жинауға тілектестік білдірді.
Аудан басшысы аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорына балалар қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстап, жылу беру маусымында мәселе туындамау керектігін тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив