
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде 8-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында төмендегі мәселелерге тоқталды.

Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қысқы каникул күндеріндегі мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Ата-аналарды балалардың оқу үлгерімімен таныстыру, қысқы каникул кезінде қатаң есте сақтау керек қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

Қысқы каникул күндерінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Қысқы каникул және Жаңа жыл мерекесі кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатында талаптар мен ережелер таныстырылды.

Ата-аналарға оқушылардың каникул күндері ұзақ жолға шығуы, серуендеуі және жалпы қауіпсіздігі үшін ата-ана жауапты екені қатаң ескертілді.

Салтанатты дастархан (вечер) ұйымдастыруға тыйым салынатыны, қысқы каникул кезінде оқушылар арасында әлімжеттік пен түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу қажеттігі айтылды.

Түнгі уақытта қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында 22:00-ден 06:00-ге дейін оқушылардың үйден тыс жерде жүруіне қатаң тыйым салынатыны ата-аналардың назарына жеткізілді.

Қысқы каникул күндерінде оқушылардың күнделікті кітап оқуын ұйымдастыру, жас ерекшеліктеріне сай көркем әдебиеттер мен қосымша оқу құралдарын оқуға бағыттау қажеттігі айтылды.