21
январь
2026
іс-шара

2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп базасында «Зерде» республикалық 2–7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Аталған байқауға №131 Т. Қозыбаев атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 7-сынып оқушысы Темірбек Әбдіқабыл «Белсенді спутниктермен ғарыштық қоқыстың қозғалысы мен соқтығысуын модельдеу» тақырыбындағы жобасымен «Физика, космос» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Жобаның жетекшісі – Жазира Оразалиева.
Сонымен қатар, 3-сынып оқушысы Тоқтарбекұлы Нұрислам «Қазақтың көне мұрасы – сандық» тақырыбындағы жобасымен «Этномәдениеттану» бағыты бойынша Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Үсен Венера.
Жүлдегер оқушылар мен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!