06
ноябрь
2025
іс -шара
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, еңбек және соғыс ардагері - Әбу Сәрсенбаевтың 120 жылдығына орай «Қазақ әдебиетіндегі айтулы тұлға» атты танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақ барысында мектеп кітапханашысы И.Усманова ақынның өмірбаянымен таныстырды. №2 филиал кітапханашы К.Бодыбаева қатысушыларға ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларының мазмұнына терең талдау жасады. Сонымен қатар ақын өмірінен сыр шертетін деректер мен фотосуреттер, бейнеролик көрсетілді. Кеш соңында 10- сынып оқушылары ақынға арналған өз ой-пікірлерін білдірді.
Теги:
іс-шара