20
ноябрь
2025
іс -шара

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде 20 қараша -Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбындағы біріңғай мазмұндама жазу күні аясында ұйымдастырылған іс-шараға оқушылар белсенді қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты- оқушылардың құқықтық білімін бекіту, заңға бағынудың және қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру.
Осы бағытта 10-11 сынып оқушылары мазмұндама жазып, өз ой-пікірлерін сауатты жеткізіп, жоғары белсенділік танытты.
Оқушыларымыздың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл шара олардың азаматтық жауапкершілігін арттыра түсті.