06
октябрь
2025
Дебат

2025 жылғы 26 қыркүйек күні мектебімізде “Өркен” дебат клубының ұйымдастыруымен
«Заңға бағынушылық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында пікірсайыс өтті.
Бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды құрметтеуге, өз көзқарасын ашық әрі дәлелді түрде жеткізуге тәрбиелеуге бағытталды.
Оқушылар белсенділік танытып, өзекті мәселелерді ортаға салып, тартысты ой бөлісті.
Осындай шаралар – жас ұрпақтың азаматтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды қадам.