
«ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

Мұғалімдер күні мерекесіне орай
2 қазанында мектебімізде дәстүрлі
«Дублер күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздарға құрмет көрсету, оқушылардың мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру және олардың жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды.

Өзін - өзі басқару ұйымының мүшелері мұғалімдердің, мектеп басшылығының және түрлі қызметкерлердің орнын басып, олардың міндеттерін бір күнге атқарды. Дублерлер сабақ жоспарларын дайындап, әртүрлі сыныптарға сабақ өткізіп, мұғалімдердің еңбегін өз көздерімен сезінді.

Іс-шара мектеп ұжымының мерекелік көңіл күйін көтеріп, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті арттыра түсті. Дублерлер өздеріне жүктелген жауапкершілікті жоғары деңгейде атқарып, шығармашылық пен белсенділік танытты.

Мұғалімдер күніне арналған
«Дублер күні» — оқушылардың ұйымшылдық қабілетін арттырған, ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдірген әсерлі іс-шара болды.