13
ноябрь
2025
іс -шара

№131 Т. Қозыбаев атындағы орта мектебінде 13 қараша күні 4 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Қылышбайқызы Динара «Musical instruments»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа мектеп директоры Қожахметов Дархан Сейдалыұлы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрымова Жұмагүл Құлназарқызы, мектеп директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмағанбетова Айткүл Амантайқызы, шет тілі пәні мұғалімі Әбдіғаппарова Алтынай Қанжарбайқызы және математика пәні мұғалімі Жақсылықова Ақшолпан Әбутәліпқызы қатысты.
Сабақтың мақсаты тақырып бойынша сұрақтарға түсініп жауап беру және қысқаша сөйлемдер құрау, тапсырмалар орындау болды.
Сабақ барысы оқушыларды 2 топқа бөлуден басталды. Оқушыларға жасанды интеллектті қолдана отырып музыкалық аспаптардың жаңа түрлерімен таныстырылды, сөздік қорларын кеңейтті. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындап, белсенділіктерін көрсетіп отырды.
Оқушылардың жаңа сабақты меңгеруі жақсы деңгейде болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды қызыға орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.