19
декабрь
2025
іс-шара

№ 131 Т. Қозыбаев атындағы орта мектебінің 4 "Б" сынып оқушыларына
"Пиротехникалық заттардан сақтану" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға пиротехникалық заттардың (отшашу, петарда, фейерверк т.б.) адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндіру, оларды дұрыс қолданбаудың салдарын ұғындыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Оқушылардың жауапкершілік сезімін әрарттыру, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін бағалай білуге тәрбиелеу. Ұйымдастыру барысында түрлі жағдаяттардан мысал келтірілді. Түрлі мерекелерде қолданылған отшашудан болған келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында бейнежазбалар көрсетілді.