іС-ШАРАЛАР Жоғары сыныптың оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді

Жоғары сыныптың оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 қыркүйек күні №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде «Отбасы бірлігі – бар жақсылықтың бастауы» тақырыбында жоғары сыныптың оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық отбасын қолдау орталығының психолог маманы Аида Абдуқызы, ардагер ұстаз Ұлбосын Бекмаганбетова, аудандық емхананың акушер- гинеколог дәрігері Индира Утемуратова және төрайымы Мырзахметова Алимаш Залқызы қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға отбасының қоғамдағы алатын орнын түсіндіру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты арттыру.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, оның қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы пікірлер айтылды. Оқушыларға ата – ана мен бала арасындағы сыйластық, өзара түсіністік пен сенімнің берік болуы отбасының басты тірегі екендігі түсіндірілді.