Іс-шаралар Жоғары сыныптың оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында өткізілген кездесу » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Іс-шаралар Жоғары сыныптың оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында өткізілген кездесу
19
сентябрь
2025

Іс-шаралар Жоғары сыныптың оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында өткізілген кездесу


Жоғары сыныптың  оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында өткізілген кездесу  
           Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қыркүйек айының 18 күні №210,131 мектептерінде жоғары сынып оқушыларымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында  кездесулер өткізілді.  
       Кездесудің мақсаты:   меймандостық,  сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық,  сынды қасиеттерді қалыптастыру туралы ой - пікірлермен бөлісу.
    Өздеріңізге белгілі отбасы шағын - мемлекет. Кез-келген мемлекеттің өзіндік ұстанымы, бағыт-бағдар құндылықтары болады. Отбасы да осындай құндылықтарға негізделген «мемлекет» болса ғана тамыры тереңге жайылған үлкен әулетке айналмақ.
       Отбасы-бұл "ерекше" жағдайларсыз, мерекелерсіз жиналатын орын, бірдеңе болмаған кезде оралуға болатын қауіпсіз орын, сізді қабылдайды, тыңдайды, қолдайды, көмектеседі.
    Әр отбасында өзінің тәртібі, күн тәртібі, құрылымы, ережелері белгіленеді. Жақындарыңыз жасаған кез келген әрекетті түсіну, құрметтеу арқылы адалдықты ынталандырыңыз.
     Сізді ренжіткен адамдарды кешіруді үйрену керек. Барлығы қателеседі. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар қамқорлық пен сүйіспеншілікке негізделген.
      Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ – ол біздің болашағымыз,жарқын күндеріміз.Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.
      Кездесуге аудандық отбасын қолдау орталығының  психолог маманы Аида Абдуқызы,  ардагер ұстаз Ұлбосын Бекмаганбетова, аудандық емхананың акушер- гинеколог дәрігері Индира Утемуратова және төрайымы Мырзахметова Алимаш Залқызы қатысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив