22
сентябрь
2025
Іс -шаралар "Бақыттың бастауы - отбасы"

№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің 1 «А» сыныбында бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу; Халқымыздың тәлім- тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу мақсатында «Бақыттың бастауы- отбасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Адамға ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата-ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса, болашақта өз-өзін танумен қатар, өміріне нық сеніммен қадам басатыны негізге алынып түсінік жүргізілді, видеороликтер көрсетілді.
Сынып жетекшісі: Дуйсенгазиева Айсулу