22
октябрь
2025
іс -шара
ҰЛАНБАСЫ САЙЛАНДЫ! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасын сайлауының қорытындысы жарияланды!
Дауыс беруі нәтижесінде 8 «Б» -сынып оқушысы Берікова Альбина 22 – дауыс (16 %) жинап, мектеп Ұланбасы болып сайланды!
Жалпы 134 дауыс есепке алынды.
Нәтижелер келесідей:
Берікова Альбина – 22 дауыс (16 %)
Зайдағали Ғибрат - 4 дауыс (2,9%)
Қуантай Жансая – 8 дауыс (5,9 %)
Қайратқызы Кәмшат – 4 дауыс (2,9 %)
Нұржанұлы Мағжан – 18 дауыс (13,4 %)
Қайратқызы Назым – 15 дауыс (11,1 %)
Ғалым Айкөркем – 11 дауыс (8,2 %)
Балтабай Айдар – 3 дауыс (2,2 %)
Шыныбек Шаттық – 13 дауыс (9,7%)
Абзалұлы Қуаныш – 9 дауыс (6,7 %)
Жұматай Сезім – 9 дауыс (6,7%)
Төлешов Айжарық – 2 дауыс (1,4%)
Барлық белсенділік танытқан үміткерлер мен оқушыларға алғыс айтамыз!
Ұланбасы – бұл көшбасшы, белсенділік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Ендігі кезекте ол мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының барлық іс-шараларына бастамашы болып, ұйым мүшелерін біріктіріп, түрлі жобалар мен шараларды жүзеге асырады.
Ұланбасының басты мақсаттары:
• Жас Ұлан мүшелерін ынталандыру
• Патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту
• Мектеп өміріне серпін беретін жаңа идеяларды ұсыну және жүзеге асыру
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұжымы жаңа Ұланбасымызға сенім артып, табысты жұмыс, жарқын жеңістер тілейді!