
"ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ"
"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

2025 жылдың 24 қазан күні
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушыларын Республикалық
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс – шарасы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында елжандылықты, ұйымшылдықты, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жас ұрпақты белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу болды.

Салтанатты жиын мемлекеттік Әнұранмен ашылып, одан кейін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы салтанатты түрде кіргізілді. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұланның әнұранын орындады. Шара барысында оқушылар ұйымның ережелері мен міндеттерімен танысып, елінің болашағына адал қызмет етуге ант берді.

Іс-шара барысында сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Нұрымоваға беріліп, ол жас ұландарды құттықтап, ұйым мүшесі атанған оқушыларға Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Іс-шара соңында оқушылар патриоттық әндер орындап, жылы лебіздер мен тілектерін білдірді.

Бұл шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін арттырып, мектеп ұжымында рухани бірлік пен мақтаныш сезімін қалыптастырды.