22
октябрь
2025
іс -шара
«МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» СУРЕТ БАЙҚАУЫ «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында 2–6 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді.
Байқау барысында оқушылар өз қиялындағы болашақ Қазақстанды бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде төмендегі оқушылардың жұмыстары үздік деп танылды:
1. Ғалымжанқызы Перизат
2. Сейтқали Айзада
3. Ойнаров Думан
4. Ардаққызы Гүлсезім
5. Бақытбек Жалғас
6. Әбілқасым Еркемай
7. Айтмағанбет Құдайберді
Бұл оқушылар мектепішілік сурет байқауында ерекше өнерімен көзге түсіп, марапатқа лайық деп танылды.
Мақсаты: оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және қиял-елестерін бейнелеу арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру.