іс -шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2025

іс -шара

№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптар аралығында 
"Білім бәйтерегі - бастауыштан басталады" атты апталық аясында 
"Өлең -сөздің патшасы" мәнерлеп оқу  сайысы болып өтті. Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілу, өлеңнің қасиетін ерекше бағалауға, қасиетті сөзге, мәнерлі тілмен  сөйлеуге тәрбиелеу. Сайысқа  барлығы он алты оқушы қатысты. Сайысқа қатысушылар Абай атамыздың өлеңдерін өз нақышына келтіре орындады.  
  Бас жүлдені 1 А сынып оқушысы  Замаддин Нұрәлі иемденсе, 1 жүлделі орынды 4а сыныбынан Әлібек Ернұр, , 2 "Б" сыныбынан Жасұланұлы Мұхаммедәли, 3б Сайранова Әсел  және 2А сыныбынан  Айтмұқан Аруназ иемденсе, 
2 жүлделі орында 2"Б" сыныбы оқушысы  Замаддин Аянұр ,  2 А сынып оқушысы  Айтмағанбет Нұрымхан, 3 жүлделі орынды  4 Б сынып оқушысы Бақытбек Жалғас  жәнеде басқа да оқушылар марапатталды.  Мәнерлеп  оқу сайысынан  кейін қатысушылар  Абай атамыздың өмір жолынан алынған сұрақтарға жауап берді. 
Іс - шара соңында мектеп директоры  Қожахметов Дархан ағай жеңімпаздарды марапаттап, Абай атамыздың кітапшасын сыйлыққа таратты.  Сайысқа қатысушылармен естелік суретке түсті. 
      Сайыс өз дәрежесінде  өтті. 

Похожие публикации:

17 октябрь 2025 іс -шара
14 октябрь 2025 іс -шара
01 ноябрь 2025 іс -шара
07 ноябрь 2025 іс -шара
11 ноябрь 2025 іс шара
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив