іс -шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2025

іс -шара

2025 жылғы 16 қазан  күні бастауыш сынып мұғалімі Үсен Венераның ұйымдастыруымен
2 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік сайыс-сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң шешім қабылдауға дағдыландыру, өз ойын еркін және шешен тілмен жеткізе білуге тәрбиелеу, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ 5 кезеңнен тұратын сайыс форматында өтті. Оқушылар «Күншуақ» және «Сұңқар» топтарына бөлініп, «Бәйге», «Жұмбақ сайыс», «Орнын тап», «Жалғасын тап», «Құпия сандық» сияқты кезеңдерде білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Әр кезеңде оқушылар жылдамдық, шапшаңдық, жауаптың толықтығы және шешен сөйлеу шеберлігі бойынша бағаланып отырды.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе алды, логикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ұйымшылдық танытты. Сайыс нәтижесінде 2 "Б" сынып оқушылары 1 орын, 2"А" сынып оқушылары 2 орын иеленіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Похожие публикации:

17 октябрь 2025 жетістік
21 октябрь 2025 іс -шара
22 октябрь 2025 іс -шара
07 ноябрь 2025 іс -шара
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив