02
октябрь
2025
іс -шара
"ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА - ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТ"
2025 жылдың 02 қазан күні №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп пен Тереңөзек кенті клубының бірлесіп ұйымдастыруымен "Ұлағатты ұстазға - шексіз құрмет" тақырыбында Қарттар күні мен Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты – ұлағатты ұстаздарға және ардагер қарттарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалау, өскелең ұрпаққа сыйластық пен құрмет сезімін сіңіру болды.
Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарға ыстық лебізін білдірді. Ұстаз еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға зор алғыс айтты. Сонымен қатар ардагер ұстаздарға ұзақ ғұмыр, денсаулық пен амандық тіледі.
Іс-шара барысында сөз кезегі ардагер ұстаздарға беріліп, олар өздерінің еңбек жолындағы естеліктерімен, өмірлік тәжірибелерімен және жас буынға арналған ақ тілектерімен бөлісті. Ардагерлердің жылы лебіздері мен шынайы алғыстары жиналған қауымды ерекше әсерге бөледі.
Мерекелік бағдарлама аясында оқушылар ұстаздарға арналған сахналық көріністер қойып, түрлі музыкалық және көркем өнер нөмірлерін ұсынды. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалды. Домбырамен күмбірлеген күй шырқалып, ұлттық өнердің көрінісі паш етілді.
Сондай-ақ шәкірттер өз ұстаздарына арнап арнайы дайындаған құттықтау видеоролигін көрсетті. Видеороликте түлектер мен қазіргі оқушылардың жылы лебіздері, естелік сәттері және ұстаздарына арналған ізгі тілектері бейнеленген. Бұл сәт көптеген ұстаздардың көңілін толқытып, ерекше әсер қалдырды.
Мерекелік кеш көркем әдебиеттен үзінділер оқумен және тақпақтар айтумен жалғасты. Оқушылар ұстаздарға арнап жүрекжарды өлең жолдарын оқып, алғыс сезімдерін білдірді.Іс-шараға қатысқан ардагерлер мен қонақтар ерекше ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шара ұстаздарға деген құрмет пен шәкірттердің алғысын айқын көрсетті.