03
октябрь
2025
іс -шара
МЕКТЕБІМІЗДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде қазан айының 1 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-аналар ынтымақтастығын нығайту тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыста төмендегі негізгі мәселелер бойынша Мектеп директоры Қожахметов Дархан Сейдалыұлы ашып беріп, жиналыстың маңыздылығына тоқталып өтті.
Жиналыс барысында төмендегі маңызды мәселелер талқыланды:
2025 – 2026 оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмыстарының басымдылықтары мен негізгі бағыттары таныстыру;
Кәмелетке жасқа толмағандардың жауапкершілігін баяндау;
Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастырудағы мектеп пен ана – ананың бірлескен жұмысын түсіндіру;
2025 – 2026 оқу жылындағы тамақтанудағы өзгерістерін түсіндіру;
Бала психологиясы: Түсіну, қолдау, дамытуды таныстыру .
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және ата-аналар белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар тарапынан маңызды ұсыныстар айтылып, ортақ шешімдер қабылданды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп арасындағы өзара сенім мен әріптестікті нығайту, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру.
Бірге тәрбие – берік болашақ кеп