
ТҮНГІ РЕЙД


25 қараша күні мектеп ұстаздары балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты — жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету.

Рейд барысында дүкендер мен ойын алаңдарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.