іс-шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2025

іс-шара

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Күз,қыс айлары тұмау мен ЖРВИ (ОРВИ) аурулары жиілейтін кезең болып табылады.
Ауа райының құбылуы мен суытуы иммунитетті әлсіретеді, сондықтан дәл осы уақытта көп адам сырқаттанып қалады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қарапайым, бірақ тиімді алдын алу шараларын қолданған жөн. Осы орайда 12 қараша күні Сырдария аудандық ауруханасына қарасты «Салауатты өмір салтын ұстану» орталығы және «Жастар денсаулығы» орталығының мамандары «Сауалатты өмір салтын ұстан» ұраны аясында жұқпалы ауруларға байланысты №131 Т.Қозыбаев атындағы  орта мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Аталған іс-шарада 8-9 сынып оқушыларына АИТВ/ЖИТС және тұмаудан қорғану жолы түсіндірілді. Өз кезегінде «Салауатты өмір салтын ұстану» орталығының маманы Д.Тұрлығұлова, «Жастар денсаулығы» орталығының мамандары Н.Тәжібаева, А.Сайранова, АИТВ /ЖИТС инфекциясының алдын алу орталығының медағасы Б.Әбдіқалық қатысып, оқушылармен арнайы тақырып бойынша пікір алмасты. 
Сала мамандары оқушыларға  ақпараттық-танымдық үнпарақтар таратты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив