21
ноябрь
2025
іс -шара

Оқушылардың достық, сыйластық, ұйымшылдық, әдептілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 21 қараша күні 2"Б" сыныбында «ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ «Мен, сен, бәріміз жарасқан бірлігіміз» жобасы аясында өткізілді. Сабақ барысында балаларға достық ұғымы, сыныптың тату ұжым ретіндегі рөлі, жолдастармен қарым-қатынастың маңызы түсіндірілді. Алдымен оқушылар мақал-мәтелдер арқылы «достық» ұғымын ашты. «100 теңгең болғанша – 100 досың болсын», «Достық деген – шар айна, сындырып алма – абайла!» сияқты нақылдар арқылы балалар шынайы достықты бағалау, досын ренжітпеу, қарым-қатынасты сақтай білу керектігін түсінді.
Сынып жетекшісі: Әлия Дүйсенбекқызы