25
ноябрь
2025
іс -шара

Шығыстың жарық жұлдызы Шоқанныың туғанына 190 жыл
Шоқан Уәлиханов — қазақ мәдениетін әлемге танытқан ғалым. Оның саяхат күнделіктері ғылыми тұрғыдан үлкен маңызға ие. Ғалымның өмірбаяны мен шығыстану саласына қосқан үлесін қазіргі заманғы ғалымдар әлі де зерттеп келеді.
Осы орайда Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары Сырдария ауданының Руханият орталығына саяхат жасады. Саяхат барысында білім алушылар кітапхана қорындағы ғалым жайлы жазылған еңбектермен танысып, бірқатар тың деректермен білімдерін толықтырды.
Кітапхана қызметкері ғалым жайлы зерттеу жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Бегалин екенін атап өтіп, естеліктеріне де тоқталды. «Бала Шоқан» әңгімесінің жазылу тарихымен бөлісті. Білім алушылар Шоқан Уәлихановтың зерттеулері мен жаңалықтарымен танысып, оның ғылыми әрі мәдени мұрасына интерактивті түрде қанықты.