14
ноябрь
2025
іс -шара

"ТЕҢГЕ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІГІ"
15 қараша – Ұлттық валюта теңге күніне орай «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі» тақырыбында 5 «Б» сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға Ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы, маңызы, тәуелсіз мемлекеттің басты рәміздерінің бірі екендігі түсіндірілді. Теңгенің енгізілуі ел экономикасының дамуына қосқан үлесі, ұлттық мақтаныш ретінде қалыптасуы жайында мәлімет берілді.
Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін білдірді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Академиялық ойын ойнатылды. Ойын барысында сұрақтарға жауап беріп, логикалық және танымдық тапсырмаларды орындады.
«Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Оқушыларға бөтен адаммен сөйлесу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, күмәнді ұсыныстардан сыпайы, бірақ нық түрде бас тарту жолдары түсіндірілді. Қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету, үлкендерге дер кезінде хабар беру, жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындалды.