09
декабрь
2025
іс-шара

«Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» апталығы аясындағы тарихи сайыс
9 желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты тарих апталығы шеңберінде тарих пәнінің мұғалімі Ж. Күзембаева ұйымдастырған «Өз тарихыңды білесің бе?» атты білім сайысы 9–10 сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде өтті.
Бұл шара – өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулып, тарихи санасын жаңғыртуды мақсат еткен тағылымды басқосу болды.
Сайыс барысында оқушылар дәуірлер сабақтастығы, тарихи дерек пен тарихи дәлдік, ұлттық мұра, мемлекет қалыптастыру кезеңдері, Тәуелсіздік шежіресі сынды сан түрлі мазмұндағы сұрақтарға жауап беріп, білім бәсекесінде өз мүмкіндіктерін танытты.
Сонымен қатар қатысушыларға тарихи ойлау дағдысын жетілдіруге бағытталған логикалық ойындар, интерактивті тапсырмалар, дереккөздермен жұмыс, тұлғатану бағытындағы викториналар ұсынылып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен зияткерлік әлеуетін арттырды.
Бұл білім сайысы – жас буынның ұлттық тарихқа деген қызығушылығын күшейтіп, елдік рухты дәріптеген, Тәуелсіздік құндылығын терең сезіндіретін маңызды іс-шара болды.
Тарихты білу – болашақты бағамдаудың кілті. Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, өз елінің шежіресіне деген құрметін нығайтатыны сөзсіз.