іс-шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2025

іс-шара

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепте
"Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік" тарих апталығының ашылуы
Бүгін біздің білім ордамызда елдіктің еңсесін көтерген, ұлт рухын асқақтатқан мерейлі мереке – Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған тарих апталығы салтанатты түрде бастау алды.
Апталықтың ашылу рәсімі қоңырау үнімен астасқан салтанатты лездемеден өріс алып, шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар Мемлекеттік Әнұранды айрықша тебіреніспен орындады.
Сахна төріне көтерілген оқушылар Тәуелсіздік тақырыбындағы мәнерлі монологтарын оқып, ел тарихының тағылымды белестерін жүрекке жеткізді. Сонымен бірге егемендік жолындағы қилы кезеңдерді қамтыған тарихи дерекфильмдер көрсетіліп, жас ұрпақтың тағылымды түсінігін кеңейтті.
Апталық барысында оқушыларды терең ойға жетелейтін түрлі интеллектуалды ойындар, тақырыптық ашық сабақтар, тарихи таңбалы кезеңдерді жаңғыртатын шығармашылық сайыстар ұйымдастырылатыны туралы хабарлама жасалды.
Шара барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Нұрымова ұстаздар мен оқушыларды тарих апталығының ашылуымен және ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егеменді елдің білімді, отаншыл ұрпағын тәрбиелеу жолындағы жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Ол өз сөзінде Тәуелсіздік – «ата-бабаның аңсауы, халқымыздың маңдайына бұйырған ұлы бақ» екенін айта келе, оқушыларды елін сүйетін, тарихын құрметтейтін тұлға болып қалыптасуға үндеді.
Тәуелсіздік рухы мен ұлттық сананы дәріптеуді мақсат еткен бұл апталық жас буын үшін елдік жадты жаңғыртып, тарихи танымды тереңдететін тағылымды кезең болмақ.
Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!

Похожие публикации:

09 декабрь 2025 іс-шара
13 ноябрь 2025 іс -шара
27 ноябрь 2025 іс -шара
24 октябрь 2025 іс -шара
24 октябрь 2025 іс -шара
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив