12
декабрь
2025
іс-шара

"АСЫҚ АТУ" ЧЕЛЛЕНДЖІ- ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖӘНЕ ОЙЫНДЫ ДӘРІПТЕУ
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы, Спорт және салауатты өмір салты фракциясының жылдық жоспарына сәйкес "Асық ату" челленджі өткізілді.
Мақсаты:
- білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
- елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ойынның үлесі үлкен. Бала танымын кеңейтіп, ойлау жүйесін дамытады. Сондықтан игілікті іске үн қосып, одан әрі дәріптеудің маңызы ерекше!
Ойын барысында барлық оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, шынайы тартысты ойын өрбіді.