іс -шара » №131 орта мектеп
Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 23-1-40
Есепші бөлімі:
+7(72436) 23-1-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2025

іс -шара

"Білім бәйтерегі - бастауыштан басталады" бастауыш сыныптар апталығының ашылуы
  №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бірлестінің ұйымдастыруымен 13 қазан күні «Білім бәйтерегі – бастауыштан басталады» тақырыбында бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті. 
Мақсаты:
1. Оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту, жетілдіру;
2. Оқушылар шығармашылықтарын шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге баулу, үйрету;
3. Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіре отырып, елін, жерін сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту.Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Бастауыш сынып апталығының алғашқы күні көңілді сәлемдесуден басталып, даярлық сыныбының ән шашуымен мұғалімдерді, оқушыларды қарсы алып, қызықты тапсырмалар орындата отырып, тәттілермен күндеріне сәттілік тіледі. Қоңырауда балалар түрлі аялдамаларда қызықты тапсырмалар орындап, басқатырмақтар шешті. Лездемеде бастауыш сынып және 4 «А» сынып оқушылары «пәндер сөйлейді» поэзия минуты, «оқушылар өнері» ән-биі, тақырып таныстырылымын түсіндірді. 
Мектеп фойесі талапқа сай безендіріліп, «Өнерлінің қолы алтын» (көрме), мектепке хабарлама, шығармашылық жұмыстары және көрме, суреттер, қабырға газеті  т.б ілінді.
Бастауыш бірлестігі жетекшісі: А. Дуйсенгазиева

Похожие публикации:

15 октябрь 2025 іс -шара
17 октябрь 2025 іс -шара
14 октябрь 2025 іс -шара
04 сентябрь 2025 Іс-шаралар
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив