01
декабрь
2025
іс -шара

№131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінде «Жылы жүрек – кәсіби қолдау» психологиялық-педагогикалық қолдау апталығынның ашылуы болып өтті.
Білім алушылардың психоэмоционалдық әл-ауқатын нығайту және оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін аталмыш шарада "Бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлай білейік!" тақырыбында оқушылар мен ұстаздарды жаңа күнін көңілді күймен қарсы алуына ықпал етіп, "Менің көңіл күйім" жаттығуларымен қарсы алдық. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытып, жаңа күнді ерекше көңіл- күймен бастады.