
"Мерекелік көңіл күймен қарсы алу"

2025 жылдың 3 қазан күні Ұстаздар мерекесіне орай №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің 11 – сынып оқушылардың ұйымдастыруымен мұғалімдерді таңертен ерекше қуанышпен қарсы алу сәті өткізілді.

Іс – шара барысында оқушылар мұғалімдерді мектеп есігінің алдында гүл шоқтарымен, жылы лебіздері жазылған ашықхаттарымен және көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Әсем музыка ойналып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Бұл сәт ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың еңбегіне деген алғысты білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Мұғалімдердің жүзінде қуаныш пен ризашылық сезімі байқалды.