17
октябрь
2025
жетістік
«ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ САБАҚ – 2025» ЖЕҢІМПАЗЫ! 2025 жылдың 17 қазан күні «Үздік цифрлық сабақ – 2025» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын жақсарту, инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу және үздік тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Байқауда №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекишова Маржан «ЖИ» бағдарламасын тиімді пайдалана отырып, өз тәжірибесінен үздік цифрлық сабақ нұсқасын ұсынды.
Жұмысы заманауи цифрлық құралдарды қолдану, оқыту әдістерінің инновациялық сипаты және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бағытында жоғары деңгейде бағаланып, жүлделі І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды!
Маржанды шын жүректен құттықтаймыз! Алда өтетін облыстық кезеңде сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!