12
декабрь
2025
іс-шара

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде Сырдария АПб ҚҚб ЮПт УПИ-ры полиция капитаны Жұмабек Гүлістан Есімқызы , Сырдария ауданы полиция бөлімі Қару айналымын бақылау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Ғаниұлы, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Аманжол Хасен Аманжолұлы оқушылармен құқықтық мәдениет, жеке қауіпсіздік, сондай-ақ әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыптарында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты, буллингті (әлімжеттілікті) алдын алу және оны болдырмау, оқушыларға түнгі 23:00 ден кейін ата-ананың қарауынсыз жүру, топтық төбелеске қатысу сияқты құқық бұзушылықтарды ескертті. Мұндай жағдайлар орын алғанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушының ата-анасына айыппұл салатынын хабарлады.
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы
Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Аманжол Хасен Аманжолұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.