26
декабрь
2025
іс -шара

№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында “Кел,Жаңа жыл,Жаңа жыл” тақырыбында ертеңгілік болып өтті. Ерекше безендірілген кеңістік, алтын реңкті шамдар, аспалы шырақтар, әртүрлі костюм киген ертегі кейіпкерлері балалардың жаңажылдық көңіл-күйін көтере түсті.
Мектеп басшысы Дархан Сейдалыұлы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
Мерекелік шара барысында «Таңшолпан» театр үйірме мүшелерінің қатысуымен «Қызық әлем» атты мазмұнды әрі әсерлі жаңа жылдық қойылым сахналанды.
Мерекелік кеште бастауыш сынып оқушылары жаңа жылдық әндер айтып, әсем де көңілді билерін билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Балалардың өнері көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды.
Білім алушыларыдың өнерлерін тамашалаған Аяз ата мен Ақша қар бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтарын табыстап, балаларға ұмытылмас әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жаңа жыл мерекесінің мән-маңызын ұғындыру арқылы достыққа, бірлікке және ізгілікке тәрбиелеу.
Мерекелік шара балалардың шат-шадыман күлкісімен және көтеріңкі көңіл-күйімен өз мәресіне жетті.